ЭКСПО қонақтары студенттердің жатақханасына орналастырылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО қонақтары студенттердің жатақханасына орналастырылатын болды

ЭКСПО қонақтары студенттердің жатақханасына орналастырылатын болды

ЭКСПО көрмесіне келетін шетелдік меймандар бес жұлдызды қонақ үйде ғана емес, студенттердің жатақханасына да жататын болды. Мақтауы асырылған көрмеге келетін туристерді Елордадағы қонақ үйлер сыйдыра алмағандықтан, ұлттық компания ректорлардан көмек сұрапты.

  • 23 Желтоқсан 2016
  • 1399
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Мына жатар орындар түйткүл боп тұр. Қонақ үйлер жетіспейді. Сондықтан жоғары оқу орындары өздерінің жатақханаларын босатып беруге әзір. Өйткені бұл ұлттық жоба ғой. Сондықтан бәріміз де ат салысуымыз керек. Түсіністікпен қарауымыз керек" дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Ал қонақтарға жатақханадағы орнын босатып беруі тиіс мыңдаған студент жаппай каникулға жіберіледі. Көрменің маусымда басталатынын ескерсек, университеттерде сабақ та, емтихан да, осы мерзімге дейін бітіп болуы тиіс.

ЭКСПО қыркүйекке дейін созылатындықтан сәйкесінше жаңа оқу жылының басталуы да кейінге шегерілмекші. Көрмеге 2 миллионнан астам турист келетіндіктен, енді студенттердің жатақханалары жөндеу көріп, жаңарып қалмақ.


Соңғы жаңалықтар