Оның айтуынша, бүгінгі таңда 60 астам ел бұл көрмеге қатысуға ниет білдіріп отыр. Олар өз көрмелерін ұйымдастырмақ.
«Бұл көрме 3 айға жуық уақытқа созылады. Экспо-қалашық Астана қаласы маңындағы бос жер теліміне орналасады. Жалпы аумағы 174 гектар жерді алып жатыр. Қазіргі таңда көрменің іргетасын қалау жұмыстары басталып та кетті. Оларды жыл соңына дейін аяқтау көзделуде», — деді Нұрбек Ергешбаев.
Жоспар бойынша көрмені тамашалауға бүкіл әлемнен 5 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Сол үшін де Экспо-қалашық аумағында тұрғын үй кешендері және көпфунционалды сауда ойын-сауық кешендері салынады.
Қазақстанда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудегі басты мақсат — бүгінгі таңда энергетика саласындағы бүкіл әлем бойынша ең озық технологияларды және соларға қатысты тың идеяларды халық назарына ұсыну.
Бір айта кететін жәйт, «ЭКСПО-2017»-де халықаралық көрмесінде тек балама қуат көздері ғана қолданылатын болады.
