«Экспо-2017» көрме кешенінің жеңімпаз жобасы 2 аптадан соң белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Экспо-2017» көрме кешенінің жеңімпаз жобасы 2 аптадан соң белгілі болады

«Экспо-2017» көрме кешенінің жеңімпаз жобасы 2 аптадан соң белгілі болады

«Экспо-2017» көрме кешенінің жобасы екі аптадан соң белгілі болады.  Бүгін Елбасы алдын-ала әзірленген эскиздермен танысып шықты.

  • 14 Тамыз 2013
  • 248
Фото - Caravan.kz


Барлық жұмысты  асықпай қарап шыққан Мемлекет басшысының назары мына жобаға түсті. 100 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни мыңға жуық пәтер салынады деп жоспарланған кешеннің ел игілігі үшін тиімді тұстары көп екен. Мұнда мектеп, балабақшалар мен заманауи сауда үйлері қарастырылған. Ең бастысы, балама қуат көзі — күн энергиясын өндіру  өте қолайлы ойластырылған. Жалпы, алты ай бұрын елімізде жарияланған халықаралық байқауға әлемнің 20 мемлекетінен 50-ге жуық сәулетші өз жұмыстарын ұсыныпты. Үміткерлердің қатарында Астанадағы «Хан шатыр», «Оқушылар сарайы» «Қазақстан» концерт залы сынды зәулім нысандарды салып, көзге түскен шетелдік компаниялар да бар.