ЭКСПО-2017 өткізуге жұмсалған қаражат өзін өтей ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 өткізуге жұмсалған қаражат өзін өтей ала ма?

ЭКСПО-2017 өткізуге жұмсалған қаражат өзін өтей ала ма?

ЭКСПО-2017 көрмесі өзін толықтай ақтайды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

  • 31 Наурыз 2014
  • 742
Фото - Caravan.kz

Ол компания жұмысындағы мақсаттардың бірі көрменің өзін-өзі ақтауымен байланысты екенін айтты.

«Бұл тұрғыда кеңселерді сату, жалға берілетін нысандарды пайдалану секілді бағыттар қамтылады. Біз осы ауқымды шараның экономикалық тиімділігі мен мемлекетке келетін пайданы тыңғылықты қарастырудамыз. Осы орайда, көрме өтетін базада ғылыми орталықтар мен зерттеу институттарын құра отырып, тиісті нәтижеге қол жеткізіледі»,- деді ол.

Т. Ермегияевтің пайымынша, ЭКСПО-2017 нысандары тек қаржылық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық мұра ретінде де үлкен пайда алып келеді.

«Менің ойымша, осы нысандарды құрғанымыз үшін жаңа буын бізге алғыс айтатын болады. Бұл тұрғыда  Президент тікелей тапсырма берген еді, яғни көрмені тек өткізіп қана қоймай, сонымен қатар жұмсалған қаржыны қайтарып, нысандарды халық игілігіне пайдалану мақсаты көзделіп отыр. Егер де осы талаптардың барлығын ескеретін болсақ, онда ЭКСПО өзін-өзі ақтайтынына кепілдік беремін», — деп атап өтті Ұлттық компанияның басшысы.