ЭКСПО-2017 ресми мойындау Парижде 11 маусымда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 ресми мойындау Парижде 11 маусымда өтеді

ЭКСПО-2017 ресми мойындау Парижде 11 маусымда өтеді

СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов бастаған Қазақстан делегациясы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) бас ассамблеясының 155-ші сессиясының жұмысына қатысады.

  • 5 Маусым 2014
  • 817
Фото - Caravan.kz

Сессия 11 маусым күні Парижде өтеді, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

«Шара барысында Халықаралық көрмелер бюросының туы Қазақстанға тапсырылатын болады және ЭКСПО-2017 ресми мойындалу шарасы өткізіледі,"делінген хабарламада.

« Бұдан кейін халықаралық сахнада ЭКСПО-2017 имиджін арттыру мен шетелдік қатысушыларды көрмеге жұмылдыру жөнінде жан-жақты,толыққанды жұмыстар басталады»,-делінген хабарламада.

2014 жылғы 24 сәуірде Парижде ХКБ атқару комитетінің кезекті мәжілісі аясында Қазақстан делегациясы ЭКСПО-2017 тіркеу рәсімін табысты қорғап шықты.


ЭКСПО-2017 Астана қаласында үш ай бойы – 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді. Оған 100-ден астам мемлекет,оннан астам халықаралық ұйымдар мен инновациялық технологиялар саласындағы түрлі жетекші компаниялар қатысады деп жоспарлануда.

ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бүгінде көрмелер бюросының мүшелігінде 168 ел бар.