көрмеге дайындық пен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімов баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, компания құрылымын өзгерту аясында департаменттердің қызметі нақтыланып, басқарма төрағасының орынбасарлары мен басқарушы директорлар саны екі есе қысқарды. Бұл 150 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.
А.Есімов кейбір сәулет-құрылыс жобаларын қайта қарау есебінен шығыстар көлемі 78 миллиард теңгеге азаятынын, бұл ретте жалпы сәулет келбеті мен нысандардың функционалдылығы сақталатынын атап өтті.
Бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалану тиімділігіне айрықша назар аударылды.
«Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мен отандық кәсіпкерлерді тарту да үнемдеу шараларының бірі болып саналады. 10 өңірмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, нәтижесінде 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған 220 отандық кәсіпорын құрылысқа тартылды. 30 миллиард теңгенің өнімі жеткізілді», — деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
Сонымен қатар ұлттық компания басшысы көрме имиджін ілгерілету және оны тақырыптық жағынан толықтыру жұмыстарының барысы туралы да баяндады. А.Есімовтің атап өткеніндей, бүгінде 53 ел және 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған.