ЭКСПО-ға жаяу аттанған өскемендік желаяқ Екібастұздан өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-ға жаяу аттанған өскемендік желаяқ Екібастұздан өтті

ЭКСПО-ға жаяу аттанған өскемендік желаяқ Екібастұздан өтті

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін қолдау мақсатында Өскеменнен Елордаға жаяу жол тартқан Ғалымжан Тоқтар бүгін Екібастұз қаласына аялдап, тұрғындарды 60 жылдық мерейтоймен құттықтады.

  • 6 Маусым 2017
  • 316
Фото - Caravan.kz

Екібастұз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Талғат Сәкеннің сөзінше, бүгін Өскемен облыстық спорт басқармасының мамандары спортшының қала аумағына жеткенін айтқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

— Марафоншымен Екібастұз қаласының шетіндегі стеллада кездесіп, сұхбаттастық. Спортшы қала тұрғындарын биылғы 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, спортта зор жетістіктерге жетуімізді тіледі. Қала шетіне түскі сағат 12 кезінде келген ол шамамен 10-15 минуттай аялдаған соң Павлодар-Астана автожолымен ары қарай кетті. Жүгірісін 10-маусым күні Астанада аяқтайды. Сонда барлығы 1000 шақырым жолды жаяу бағындырмақ, — дейді Талғат Сәкен.

Ғалымжан Тоқтар Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істейді.  Ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне орай Астанаға дейін жаяу жүгіріп бару үшін 25-мамыр күні жолға шыққан. Күніне 10 сағат жүгіріп, шамамен 60-70 шақырым жолды артқа тастайды. Ауарайы қолайлы болса, 80 шақырымға дейін жеткізетінін айтқан. Ал, спортшының әйелі Еркегүл Мұқият болса, көлікпен ілесіп, барлық жол барысын бейнерегистраторға түсіреді. 


Соңғы жаңалықтар