Экс-сутенерлер мен жезөкшелер балаларды оқытқан — Нартай Аралбайұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-сутенерлер мен жезөкшелер балаларды оқытқан — Нартай Аралбайұлы

Экс-сутенерлер мен жезөкшелер балаларды оқытқан — Нартай Аралбайұлы

Еліміздің алты өңірінде экс-сутенерлер мен жезөкшелер Art Sport бағдарламасы бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

  • 21 Маусым 2023
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы   «Адырна»  порталына сілтеме жасап. 

«Art Sport жүзеге асқан 6 аймақта бұрын жыныстық қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар, притон ұйымдастырған және жезөкшелік жасаған адамдардың балаларды оқытуының 20 фактісі тіркелген. Бұл қалай сонда? Бұрынғы жезөкшеге, бұрынғы притон ұйымдастырған адамға біз қалай балаларымызды сеніп тапсырып отырмыз? Құзырлы органдар қайда қараған? Психологтар осы адамдар жаттықтырған балалармен жұмыс істеді ме? Балаларға бұрынғы жезөкшелер мен қылмыскерлер жаттықтырғанын қалай түсіндіруіміз керек? 6 өңір деп айттыңыздар. Осы тұрғыдан Бас прокуратураның өкілінен нақты қай өңірлер деп сұрағым келеді. Білейік, жасыратын дүние емес,—деді ол Мәжіліс отырысында.

Депутаттың сауалдарына Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Дулат Әшірбеков жауап берді. Айтуынша, бұл фактілер Алматы, Шымкент, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.


«Басқа аймақтар бойынша қосымша жауап береміз. Олар денешынықтыру жаттықтырушылары болып қызмет атқарды»,—деді аға прокурор.

Соңғы жаңалықтар