«Экзит-полл» қортындысы КТК-дан тікелей эфирде көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Экзит-полл» қортындысы КТК-дан тікелей эфирде көрсетіледі

«Экзит-полл» қортындысы КТК-дан тікелей эфирде көрсетіледі

Сайлауға КТК да бақылау жүргізіп жатыр! Телеарна мен «Стратегия» әлеуметтік-саяси қорының ұйымдастыруымен әрбір сайлау учаскесіне сенім жәшіктері қойылған. «Экзит-полл» тәсілімен сайлау нәтижесі туралы алғашқы ақпараттар жарияланатын болады.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz

Жәшік ішінде құпия сауалнама парақтары жатыр. Онда дауыс берген әрбір сайлаушының сайлау туралы ой-пікірі мен кімге дауыс бергені туралы мәлімет бар. Осыған сүйенген сарапшылар сайлаудың алдын ала қорытындыларын шығара алады. Сайлаудың осы алғашқы нәтижелері бүгін түнгі сағат 12:30-да КТК арнасынан көрсетіледі. Тікелей эфирде «экзит-полл» жасаған қызметкерлер бірінші боп сайлау қорытындысын жарияламақ.