Электр энергиясы экспортына шамадан тыс мемлекеттік реттеудің жүргізілуі зиян тигізуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электр энергиясы экспортына шамадан тыс мемлекеттік реттеудің жүргізілуі зиян тигізуі мүмкін

Электр энергиясы экспортына шамадан тыс мемлекеттік реттеудің жүргізілуі зиян тигізуі мүмкін

Электр энергиясын сыртқы рынокқа сатуда шамадан тыс мемлекеттік реттеудің жүргізілуі бұл салаға тұтас алғанда зиян тигізуі ықтимал,

  • 13 Маусым 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

деп санайды Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

"Заң жобасында қазақстандық станциялардың экспортқа сататын электр энергиясының бағасы елдің ішіндегі бағадан төмен болмауға тиіс, деп ұсынылған. Шын мәнінде бұл популистік шара. Ресейліктер немесе беларустер біздің ішкі рыногымыздағы бағамен ала қояр ма екен, мәселе сонда. Сатып алса, жақсы. Бірақ біз сатып алмайды деп ойлаймыз. Сонда экспорт тоқтап қалады. Бізге сол керек пе?", деді Қ.Бозымбаев "Интерфакс-Қазақстанға" электр энергетикасы мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулер талқыланған сенаттың экономика, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі мәжілісінде.

"Мәселен, Павлодар облысында істемей тұрған 2 мың 800 мегаватт қуаттылық бар. Мұндай жағдайда алатын бағамен сату керек. Уақыты келгенде, ішкі рынокта электр энергиясына деген сұраныс қайта артады, сонда станциялар қайта ішкі рынокқа бет бұрады. Икемді болу керек, тыйым салуды керегі жоқ", деді әкім.

"Бүгінгі күнде павлодарлық электр станциялары Қазақстаннан тысқары шамамен 300-400 мегаватт сатып отыр.Бұл да ақша. Қазір "Самұрық-Энерго" Белорусиямен арада 300 -500 мегаватт сату жайында келісіп отыр. Субъектілерге былай сат, деген орынды болмайды, деп санайды Қ.Бозымбаев.


Алдында хабарланғандай, "Электр энергетикасы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліс мақұлдаған, ол қазір сенаттың қарауында.