Электр энергиясының бағасы тағы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электр энергиясының бағасы тағы өсті

Электр энергиясының бағасы тағы өсті

Электр энергиясының бағасы жексенбі күні жаңа рекордтық көрсеткішке жетті.

  • 22 Тамыз 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бельгиялық RTBF телеарнасының мәліметінше, көтерме сауда нарығында бір мегаватт-сағаттың құны орта есеппен 561,94 еуроға (шамамен 269 мың теңге) жетті. Бұл жаңа рекордтық көрсеткіш, бұған дейінгі жоғары баға 17 тамызда тіркелді (541 еуро).

Электр энергиясына бағаның өсуіне газ бағасы, француз АЭС-ның ағымдағы шектеулі жеткізілімдері, сондай-ақ су электр станциялары өндірісінің төмендеуіне әкелетін жергілікті өзендер мен су айдындарындағы судың төмен деңгейі ықпал еткен.

Еуропа құрлығында ауа райының ыстық болуына байланысты ауа салқындататын кондиционерлер кеңінен қолданылуда.


Осылайша, тамыз айында электр энергиясын жеткізуге жаңа келісімшарт жасаған клиенттер рекордтық бағаға дайын болуы керек. Фламандық Vreg реттеуші органының бағалауы бойынша, бельгиялық үй шаруашылықтары үшін орташа жылдық электр энергиясы 2154,58 еуро, ал газ үшін 3791,10 еуро болады.

Соңғы жаңалықтар