Электронды поштаны жиі тексеру денсаулыққа зиянды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды поштаны жиі тексеру денсаулыққа зиянды

Электронды поштаны жиі тексеру денсаулыққа зиянды

Электронды поштаны жиі тексеру денсаулыққа зиянды. Зерттеу жүргізген британиялық ғалымдар осындай шешімге келді, деп жазады24.kz epochtimes.ru-ға сілтемемен.

  • 16 Мамыр 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

Олардың мәлімдеуінше, поштаны үнемі тексеретін адамдар күйзеліске түседі. Ал оның соңы қалқанша бездің, жүректің ауруы мен өзге де дерттерге апарып соқтыруы мүмкін. Бұл аурулар әсіресе кеңсе қызметкерлеріне жиі қауіп төндіреді. Олар электронды хаттарға жедел және уақытылы жауап берулері тиіс. Сол себепті әр хаттың келуін тағатсыздана күтіп, жүйке жүйесін тоздырады.

Ғалымдар ғаламтордағы поштасын жиі тексеретін адамдардың физиологиялық көрсеткіштерін бағалаған. Оның барысында қызметкерлер күйзеліске ұшырағандарын тіпті байқамайтындықтары анықталыпты.  Зерттеушілер мәселенің негізі адамдардың сол күйзелістерді жеңе алмайтындығында екендігін алға тартты.