Энергетика және минералды ресурстар министрі "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика және минералды ресурстар министрі "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды

Энергетика және минералды ресурстар министрі "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды. Бұл туралы ұсынысты ол бүгін өткен үкіметтің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы ЖГРЭС-і үшін отынды сатып алуға өтемақысы ретінде 3,4 млрд теңге бөлу туралы мәселесі шешілді», — деп еске салды С. Мыңбаев.

«Айта кету керек, отынды арзандату үшін бұл станцияға жыл сайын қомақты мөлшерде қаржы бөлініп отырады. Станцияның 50 % жеке меншік компанияның үлесінде екенін ескере отырып, бөлініп отырған субсидиялардан бұрын болашақ инвестицияларға байланысты ЖГРЭС-ін толық жекешендіруді ойластырып, «Самұрық» холдингі станцияның екінші акционерімен бұл мәселені шешуі тиіс «, — деп толықтырды ол.

Министр еске салғанындай, ЖГРЭС №4 энергетикалық блогының трансформаторы өткен жылдың 26 желтоқсан айында істен шығып, төртінші энергоблогы биылғы жылдың қыс кезеңінде тоқтап тұрды. «2008-2009 жылдарындағы күзгі-қысқы кезеңіне дейін бұл энергоблогын іске қосу керек. Ал мұндай трансформатор түрі қорда жоқ болғандықтан, оны Ресейде жасату керек», -деп атап өтті ол.

С. Мыңбаевтың пікірі бойынша, «елдің оңтүстік аймағындағы қуат көздері тапшылығын болдырмау үшін алдағы қыз кезеңінде ЖГРЭС №4 энергоблогының жұмыс істеуі өте қажат», өйткені «бұл блокты ескере отырып оңтүстіктің балансы қыс кезеңінде 200 мегаватқа толтырылатын болады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті