Этникалық қазақ Кремльдің бас аспазшысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Этникалық қазақ Кремльдің бас аспазшысы болды

Этникалық қазақ Кремльдің бас аспазшысы болды

Қазы-қарта мен жал- жая енді Ресей президенті Владимир Путиннің де сүйікті асына айналуы мүмкін. Өйткені Кремльдегі қоғамдық тамақтану бас басқармасының жетекшісі боп қандасымыз тағайындалды.

  • 25 Сәуiр 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

Ресей азаматы Болат Закарьянов бұған дейін Геленджик қаласы Думасының төрағасы қызметін атқарған. Мына кадрлар осы қызметте жүрген кезінде түсірілген. Кейінірек ол «Рублево-Успенский сауықтыру кешені» федералдық мекемесін басқарыпты. Енді Закарьянов көрші ел басшыларының ішіп-жемі мен ас-суына жауапты болады. Оның ағасы Төлеген Закарьянов кезінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Петропавл қаласының әкімі болған. Соңғы қызметінен былтыр күзде өз еркімен кеткен болатын.