Екі банк депозит қабылдау және жеке тұлғалардың шоттарын ашу лицензияларынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі банк депозит қабылдау және жеке тұлғалардың шоттарын ашу лицензияларынан айрылды

Екі банк депозит қабылдау және жеке тұлғалардың шоттарын ашу лицензияларынан айрылды

[wpcode id="1694287"] ҚР ұлттық банкі 2016 жылғы 1 қарашадан бастап «Қазинвестбанк» АҚ-тың және «Дельта Банк» А

  • 7 Қараша 2016
  • 382
Фото - Caravan.kz


ҚР ұлттық банкі 2016 жылғы 1 қарашадан бастап «Қазинвестбанк» АҚ-тың және «Дельта Банк» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын 3 ай мерзімге тоқтатты, деп хабарлайды ҚазТАГ реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банк таратқан хабарда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 246 қаулысымен Ұлттық Банк 2016 жылғы 1 қарашадан бастап «Қазинвестбанк» АҚ- тың және «Дельта Банк» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын 3 ай мерзімге тоқтата тұрды.

Ұлттық Банк лицензияларды тоқтата тұру туралы шешімді жоғарыда көрсетілген банктердің банк заңнамасының талаптарын жекелеген бұзуына қадағалап ден қоюы және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады. Лицензиялар жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және банктердің қолданыстағы депозиттеріне және қазіргі клиенттеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тартуға қатысты қолданылмайды. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазинвестбанк» АҚ-тың жеке тұлғалардың қабылдаған депозиттерінің көлемі 16,4 млрд. теңге немесе жеке тұғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінен 2,3% және «Дельта Банк» АҚ-тікі 11,5 млрд. теңге (2,3%) болды. 

Соңғы жаңалықтар