Екі бірдей адамның қанын жүктеді деген күдікпен Алматы облысының бір тұрғыны тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі бірдей адамның қанын жүктеді деген күдікпен Алматы облысының бір тұрғыны тұтқындалды

Екі бірдей адамның қанын жүктеді деген күдікпен Алматы облысының бір тұрғыны тұтқындалды

Алматы облыстық полициясы екі бірдей адамның қанын жүктеді деген күдікпен Сарқанд ауданының бір тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

27-ақпанда Сарқанд қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы мәлімет 02-ге келіп түседі. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер мен полиция қызметкелері пәтер бөлмелерінің бірінен кісі қолынан мерт болғанын айғақтайтын белгілері бар үй қожайындарының жартылай өртеніп кеткен мәйіттерін тапты. 55 жастағы еркек пен оның 46 жастағы жұбайының өлі денесінен полиция қызметкерлері бірнеше пышақ жарақатын анықтаған. Сондай-ақ, пәтерден қаза тапқан әйелдің 78 жастағы анасы табылды. Пәтерден ессіз күйде табылған кейуана көмірқышқыл газынан улану белгілерімен орталық аудандық ауруханаға жатқызылған.

Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде полиция 24 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Әлгі өзінің істеген ісін толық мойындады. Тергеу барысында белгілі болғанындай, жігіт қаза тапқан адамдардың қызымен некелесуге пейіл білдірген екен. Алайда, 24-ақпанда ол болашақ ата-енесімен жаңжалдасып қалады. Осы оқиғадан үш күн өткеннен кейін араққа тойып алған жігіт пышақ алып, қалыңдықтың үйіне келеді. Сөйтіп, үй иелерін өлтіріп тынған қылмыскер үйді өртеп ізін жасырмақ болған. Оның 78 жастағы кейуанаға не себепті тиіспегені беймәлім күйінде қалып отыр. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, ол әйелді байқамай қалған болуы әбден ықтимал.
Қазір аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тұтқын Сарқанд аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар