Екі бірдей жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі бірдей жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды

Екі бірдей жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды

Кәмшат Жолдыбаева bad girl образынан шығуға ниетті емес. Әнші әрі актриса қанша мәрте сынға іліксе де, ашық-шашық әрі қазаққа жат көріністерде бой көрсетуден бас тартпайды.

  • 10 Қазан 2018
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы Жолдыбаева өзінің жаңа клипінде екі бірдей жігітпен аймаласып, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жолдыбаева танымал қырғыз әншісі Мирбек Атабековпен бірге “Тыңда мені” атты әнге клип түсірген. Кәмшат бұл шығармашылығындағы алғашқы интернационалды дуэт екенін айтады.

Бейнебаянда Кәмшат екі бірдей жігітпен ашық кадрларда бой көрсетеді. Тыңдармандар мұндай қылықтың қазақ қызына жат екенін айтудан жалығар емес. Әйткенмен, 5 минуттық әнбаян қысқаметрлі фильм көргендей әсер қалдырды, деген тыңдармандар да жоқ емес.


Ақпарат көзі: Stan.kz

Соңғы жаңалықтар