Екі министр Үкімет басшысынан сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі министр Үкімет басшысынан сөз естіді

Екі министр Үкімет басшысынан сөз естіді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына салғырт қараған екі министр - Бақыт Сұлтанов пен Қуандық Бишімбаевты сынға алды.

  • 10 Қазан 2016
  • 490
Фото - Caravan.kz

«9 қыркүйекте Мемлекет басшысы министрліктер мен әкімдіктерге бағынышты барлық ұйымдарға түгендеу жүргізуді тапсырды. Кеше мен Қаржы және Ұлттық экономика министрлерімен сөйлестім. Олардың бұл мәселеге кіріспегендіктеріне таң қалдым. Жыл соңына дейін зерделеу бойынша жұмыс тобын құру жоспарларында бар екен. Бір ай өтті. Сіздер тіпті кіріспегенсіздер де. Ертең сұрау болады, сонда біз не деп жауап береміз? Сондықтан, мен Қаржы және Ұлттық экономика министрлерінің Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастырғанын атап өтемін. Бұл жұмыстарда өздеріңіздің әдістеріңізді өзгертулеріңіз қажет», — деді Сағынтаев.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті министрліктер мен ведомстволардың ведомствоға бағынысты ұйымдарын бәсекелік ортаға беру немесе жергілікті деңгейге бейімдеу мақсатымен оларды қайта мүлікті түгендеу өткізу қажеттігін атап өткен болатын.