Екі орынбасары парамен ұсталған Қостанай қаласының әкімі орнын босатты
Қостанай әкімсіз қалды. Бір ай бұрын екі бірдей орынбасары парамен ұсталған қала әкімі Ахметбек Ахметжановтың енді өзі орнын босатты. |
Алдыңғы қос орынбасарының бірі Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге, екіншісі Фрунзик Аракелян 300 мың теңге пара алғаны үшін айыпталып жатыр. Ал бұл жолы қала әкімі істі болғаннан емес, қызметтен өз еркімен кетіп бара жатыр екен. Бірақ шенеуніктің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны айтылмай отыр. Әзірге белгілісі, Ахметжановтың қала әкімі орынтағына жайғасқанына бір жылдан енді ғана асқан.
Әсия Аймағамбетова, Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы
- Бүгін облыс әкімі Нұралы Мұстафаұлының үкімімен Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босатылды. Қала әкімі қызметін уақытша атқарушы ретінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сондай-ақ, экономика мәселелері бойынша орынбасары болған Қайрат Сәндібеков тағайындалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін