"Екі қыз туасың": 5-6 жыл бұрын үш қызы бар журналист Салтанат қызды аңсап жүрген Қарақатқа ырымдап жүзігін сыйлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екі қыз туасың": 5-6 жыл бұрын үш қызы бар журналист Салтанат қызды аңсап жүрген Қарақатқа ырымдап жүзігін сыйлаған

"Екі қыз туасың": 5-6 жыл бұрын үш қызы бар журналист Салтанат қызды аңсап жүрген Қарақатқа ырымдап жүзігін сыйлаған

Осыдан 5-6 жыл бұрын үш қызы бар тележүргізуші Салтанат Қалиева қызды аңсап жүрген Қарақат Әбілдинаға ырымдап жүзік сыйлаған.

  • 25 Шiлде 2022
  • 1820
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қыз баланы қаншалықты күтіп жүргеніңді бәріміз білеміз. Халқымыз әрине тілектес. Мен де ырымдарға сенетін адамдардың бірімін. Өзім көп балалы ана болған соң, үш қыздың анасы болғаннан кейін қолымдағы сақинамды саған сыйға тартқым келеді. Бұл менің саған деген ниеттес екенімнің белгісі. Қыз баланың анасы бол. Бұл қазақтың ырымы. Амандық болса, бір емес екі қыз туатын боласың", — деп осыдан 5-6 жыл бұрын Салтанат Қалиева өзінің жүзігін Қарақат Әбілдинаға "Ұят емес" бағдарламасында сыйға тартқан болатын.

Қазіргі таңда Қарақат Әбілдинаның бір емес, екі қызы бары бүкіл елге белгілі.

 

Соңғы жаңалықтар