"Екі сіңілім мен анам газдан уланып өлді": Төсін ашып танылған атышулы Динагүл Тасова өкінетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екі сіңілім мен анам газдан уланып өлді": Төсін ашып танылған атышулы Динагүл Тасова өкінетінін айтты

"Екі сіңілім мен анам газдан уланып өлді": Төсін ашып танылған атышулы Динагүл Тасова өкінетінін айтты

Жалаңаш тәнін көрсетіп елге танылған экс-маслихат депутаты Динагүл Тасова өзінің құпияларымен бөлісті.   

  • 10 Қаңтар 2020
  • 8270
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы «TALKLIKE» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Динагүл сізді Өзбекстанмен не байланыстырады?

— Өзбекстанның тумасымын. Бірақ шүкір қазақпын. 2005 жылдары 10 сынып оқып жүргенде мен өзім құжаттарымды жинап Қазақстанға кетемін, мұнда мен тілімді ұмытып бара жатырмын деп Павлодарға ағамның үйіне кетіп қалғанмын.

Туған-туыстарыңыз сонда қалып қойды ма?

— Жоқ олар менің артымнан көшіп келді. Ата-анам екі сіңілім және екі інім. Павлодарда біраз тұрдық.Кейіннен туған-туыстарымыз Шымкентте болғандықтан отбасым соларға жақын болайық деп Алматыға көшті. Мен Павлодарда қалдым оқуда.

Анаңыз бен екі сіңліңіздің өмірден өтуінің себебі не?

— Үйде газға уланып қалды. Бір мезетте үшеуі бірдей уланып өмірден өткен. Бір қызығы маған ешкім айтпаған. Мен оқып, жұмыс жасап жүргенде әкем маған хабар бермей анам мен екі сіңілімді жерлеген. Келгеннен кейін бір-ақ білгем. Әкеме қатты ренжігенмін. Ешнәрсе қызық емес болып, оқуды да оқымаймын керек емес деп бір мезетте барлығынан бас тартып, депрессияға түстім.

Сізді депрессиядан не алып шықты?

— Әкемнің сөзі, анамның үміті. Әкем айтты:«егер анаң тірі болғанда осылай жүргеніңе ренжитін еді. Өмір бойы сенің оқуды бітіргеніңді қалаған жоқ па? Қызым тұр, бұлай болмайды. Өзіңе қара, жұмыс жаса», — деді. Сол кезде барып есімді жидым. Үш ай тамақ ішпей қойған екенмін.

Алғашқы махаббатыңыз кім?

— Оның есімін айтқым келмейді. Арамызда жаман естеліктер өте көп. Мен оны қатты жақсы көріп қалдым. Біз жеті жыл таныс болдық, оның үш жылында бірге тұрдық. Ол мені отбасыма барып әкемнің алдынан өтіп алып кетті. Мен оған пәк болып келдім. Бірақ өкініштісі ең соңында менің адамым емес екенін түсіндім. Басты себеп менің жұмысымды қолдамады және мені ұрды, соқты, қылқындырды тіпті пышақ ала жүгірді.

Журналист болып қанша уақыт жұмыс жасадыңыз?

— "Хабар" агенттігінде үш жыл жұмыс жасадым. Одан кейін "Қазақстан" Ұлттық арнасында жұмыс істедім. «Таңшолпан» бағдарламасында жұмыс істеп жүргенде мені Бейбітшілік және Келісім сарайына жұмысқа шақырды. Ол жерде «Дамыту» бөлімінің басшысы ретінде төрт жыл жұмыс қызмет атқардым.

Жұмыстан кетуіңе төсіңді ашып, подиумда жүруің себеп болды ма?

Негізі Бейбітшілік және Келісім сарайы жабылады деп айтылып жүрді, бір жағы соның салдары. Екінші жағы, соңғы уақытта журналисттер жұмысыма жиі келетін болып кетті. Бәрінің сұрайтыны бір сұрақ: «Неге омырауыңызды ашып шықтыңыз сахнаға?» — деген.

Неліктен назарға сіз іліктіңіз? Неліктен қоғам сізді таңдады? Неге омырауыңызды аша бересіз?

— Өйткені мен сондай ашық жан шығармын. Мен оны хайп үшін жасамаймын. Маған мына образды алып шық дейді. Мен оны алып шығамын. Ол менің кәсіби тұрғыдағы жұмысым. Мен сырттан келіп немесе мамандығым экономист болып модаға келе салған жоқпын. Кәдімгі модельдікті бітірдім, қаншама сертификат, дипломдарым бар.


Омырауыңыз жасанды. Дене бөлшегіңіздің қай жері өзіңіздікі емес?

— Иә омырауымды жасаттым. Басқа бір жеріме тиіспегенмін, бәрі өзімдікі.

Омырауыңыз әдемі деп ойлайсыз ба?

— Иә әдемі. Жалпы ол табиғатқада байланысты егер өзіңнің түпкі омырауың әдемі болмаса сен оны қаншалықты түзесеңде табиғи әдемі болып тұрмайды.

Жалпы төрт рет омырау ашып сахнада өнер көрсеттіңіз. Ең алғаш төсіңізді ашып шыққанда қанша ақша алдыңыз?

— Ең алғашқы подиумде 100 мың теңге алдым, екінші шыққанда 150 мың теңге алдым. Үшінші шыққанда 200 мың, ал соңғы шыққанда 1000$ алдым.

Айлық табысыңыз қанша?

— Айлық табысым 500 мың теңге. Бізде адамдарда мынадай ой қалыптасқан сәнгерлік сала да жүрсің бе демек, сен жеңіл жүріспен айналысасың, біреудің тоқалысың немесе т.б.

Сізге төсек қатынасы үшін ақша ұсынғандар бар ма? Қанша теңге?

— Ондай адамдар өте көп. Ең көп ақша ұсынған 10.000$. Бірақ мен ондайлардан бірден теріс айналамын. Қатты қорқамын қандай оймен беріп жатыр деп. Бәрібір кез келген заттың сұрауы бар емес пе?

Қанша ер-азаматпен төсекте дос болдыңыз?

— Біреу ғана. Ол өзімнің бұрынғы үш жыл тұрған жігітім. Одан кейін жігіт атаулыдан бетім қайтып қалған. Қазір де кездесуге кафе, ресторандарға барсам ең бірінші болып кетіп қалам. Себебі сескеніп қалғам.

Арақ ішесіз бе? Темекі тартасыз ба?

— Осы уақытқа дейін қор-қор (кальян) тартып, темекі шеккен адам емеспін. Ішкілікке салынып басқа қыздар сияқты темекі шегіп, күндіз-түні беріліп кеткен жоқпын. Бірақ кей-кейде, анда-санда қатты шаршап, ішім толып айтатын адам таппай қалған кезде болып тұрады.

Құдаймен байланысыңыз қандай?

— Шүкір! Өзімнің ниеттеніп алған Құран кітабым бар. Бес уақыт намаз оқимын деп айта алмаймын.Бірақ үйде жеті нан, бейсенбіде Құран оқыту дейтін кездерде өзім оқи беремін.

Қай кезде өзіңізді әлсіз сезінесіз?

— Құдайдың алдында әлсізбін, кішкентай баланың алдында әлсізбін, мешіттің алдынан өтіп бара жатсам әлсізбін, өмірден өткен адамдардың алдында әлсізбін. Мен ондай кезде аянып қалмаймын. Қолымнан келгенінше қайырымдылық жасап тұрамын.  Өйткені менде күнәһар адамдардың бірімін  ғой. Сондықтан бір жағынан болмаса, бір жағынан жасаған игі ісім болсын деген ойда жүремін үнемі.

Қазіргі жоспарыңыз қандай?

— Қазіргі менің жоспарым бизнес ашу. Өзімді Бизнес Women-дердің қатарында елестетемін. Және соған тікелей жұмыс жасап жатырмын. Ал қалған жоспарлар уақыттың еншісінде.

Соңғы жаңалықтар