Екі жүзден аса жолаушы болған: Қарағандының орталығында бірнеше автобусқа оқ жаудырылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі жүзден аса жолаушы болған: Қарағандының орталығында бірнеше автобусқа оқ жаудырылды (ВИДЕО)

Екі жүзден аса жолаушы болған: Қарағандының орталығында бірнеше автобусқа оқ жаудырылды (ВИДЕО)

Қарағандының орталығында белгісіз біреу жолаушылар автобустарына пневматикалық қарудан оқ жаудырды.

  • 9 Қазан 2019
  • 52
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция департаментіндегілер ақпаратты растады. Белгілі болғандай, оқиға кезінде автобустардың ішінде 200-ден аса жолаушы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Желіде қала орталығында болған оқиғаға қатысты видео тарады. Полиция мәліметінше, оқиға 8 қазанда кешкі сағат 19:00 шамасында орын алыпты.

Белгісіз біреу «45-інші орам» аялдамасында бұзақылық жасап, №40, 45 және 33 бағыттағы автобустарға пневматикалық қарудан оқ атып, терезелерін сындырған. Оқиға кезінде аталған автобустардың салонында екі жүзден аса жолаушы болған. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz) on

Полиция қызметкерлері автобустардың бірінің салонынан пневматикалық қаруда қолданылатын диаметрі 4,5 миллиметр болатын металл шарды тапты.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және тұтқындау мақсатында шара қабылдап жатыр», — дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Соңғы жаңалықтар