«Нұр Отанның» облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жомартқали Жексембиновтың І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде студенттермен болған кездесуінде осындай мәлімет келтірілді.
Мысалы, «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының аясында Қаратал ауданына 20-дан астам маман келген. Ауылға бет бұрған жас мамандардың қатарында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Алтынгүл Айболова да бар. Оның мамандығы — акушер-гинеколог. Самат Орынбаев есімді тағы бір жас маман аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеп жатыр. Аудандық әкімдік оның отбасына пәтер бөлді.
Осылайша, ауылдарда мамандардың жетіспеу проблемасы біртіндеп шешімін табуда. «Нұр Отан» өкілдерінің айтуынша, «Дипломмен -ауылға» бағдарламасы ауылдағы проблемаларды шешуге өз үлесін қосып жатыр.