Жарияланды: 880

Екібастұзда 2030-жылғы қала тұрғындарына арналған жолдау салынған құты жасырылады

Бүгін, 17-қыркүйекте Екібастұз қаласындағы темір жол бекеті алдындағы алаңда болашақ ұрпаққа - 2030-жылғы қала тұрғындарына арналған жолдау салынған құты жасырылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шараның бастамашысы болып табылатын "Екібастұздың болашағы үшін" қозғалысының баспасөз орталығынан хабарлады.

"Эстафетаны болашаққа тапсырайық" атты шара Халықаралық бейбітшілік күні қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл шара интернационалист-жауынгерлерге арналған саябақта жиналыспен басталып, онда болашақ ұрпаққа арналған жолдау оқылады. Қозғалыстың баспасөз орталығындағылардың атап көрсетуінше, "Жолдау тарихи оптимизмге және романтикаға толы". Бұл жерде жолдау капсулаға салынып, темір жол бекетінің жанындағы алаңға эстафетамен жеткізіледі. Жолдаумен бірге капсулаға "Екібастұз- болашақтың қаласы" тақырыбына жазылған ең таңдаулы оқушы шығармасы салынады. "Екібастұздың болашағы үшін" қозғалысының мүшелері таңдаулы шығармалар байқауын шара қарсаңында өткізген. Қазір Екібастұз қаласында 140 мың адам тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть