Жарияланды: 40

Екібастұзда 93 жастағы қария бесінші қабаттан құлап, көз жұмды

Екібастұзда 93 жастағы қария бесінші қабаттан құлап, көз жұмды

Екібастұзда 93 жастағы қария абайсызда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қария тепе-теңдік сақтай алмай қалған көрінеді.

"Екібастұзда 6 сәуірде қайғылы жағдай орын алды. 93 жастағы пәтердің иесі өзінің немқұрайлылығы салдарынан тепе-теңдігін сақтай алмай, 5-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Екібастұз қаласының тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды полиция департаменті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін