Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді

Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді

Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді.

  • 30 Қазан 2020
  • 121
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 29 қазанда сағат 18:08-де Екібастұздың өртке қарсы қызмет пультіне Әуезов көшесінде көлік өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.

"Өртсөндірушілер бес минутта жетті, сол уақытта екінші деңгейдегі банктердің бірінің инкассатор автомобилінің салоны мен мотор бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Өрт ауданы төрт шаршы метр, ол 18.24-те сөндірілді", — деді ресми өкіл.

Автокөліктегі ақшаға зиян тимегені хабарланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының тұйықталуы. Оны сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 6 адам, 1 өрт сөндіру техникасы жұмылды.


Соңғы жаңалықтар