Екібастұзда есірткі саудасымен айналысқан адам тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда есірткі саудасымен айналысқан адам тұтқындалды

Екібастұзда есірткі саудасымен айналысқан адам тұтқындалды

Екібастұзда есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды.

  • 1 Қараша 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы іс-шаралар барысында Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Екібастұз қаласында есірткі саудасымен айналысқан күдіктіні ұстады.

– Полицейлер күдіктінің сөмкесін жеке тінту барысында жалпы салмағы 30 келіден асатын өсімдік тектес заты бар екі полимерлі байламы табылды. Сараптама тәркіленген есірткі затының марихуана екенін көрсетті. Ұсталған адам бұл затты интернетте сатып алғанын айтты. Сондай-ақ ол бұндай әрекетке үлкен партияны аймақ аумағында құпия белгілер арқылы аз мөлшерде сату арқылы қосымша ақша табу мақсатында барғанын түсіндірді, – дейді Павлодар облысының ПД-ның Есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сәния Ахметжанова.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, күдікті қамауда ұсталады.



Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ekibastuzda-esirtki-saudasymen-ajnalysqan-kudikti-ustaldy/

Соңғы жаңалықтар