Екібастұзда Социалистік Еңбек Ерін өлтірген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда Социалистік Еңбек Ерін өлтірген күдікті ұсталды

Екібастұзда Социалистік Еңбек Ерін өлтірген күдікті ұсталды

Бүкіл республикаға танымал Социалистік Еңбек Ері Станислав Куржейдің өлімі ашылды, деп хабарлады Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінен. Күдікті анықталып, қолға түсті.

  • 13 Маусым 2014
  • 660
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, 13 маусымда Екібастұзда өз үйінде күштеп өлтірілген  90 жастағы С. Куржейдің мүрдесі табылды. Қылмыскерлер ауладан марқұмның ұлының  «Хонда» көлігін ұрлап кеткен.

Оқиға орнына Екібастұз қаласының ІІБ тергеу-жедел тобы мен ІІД арнайы тергеу-жедел тобы келді. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын  қолға алды. Павлодар облысының барлық бөлімшелеріне  бағдар берілді, жедел іздестіру нәтижесінде «Екібастұз-Павлодар» автожолында ұқсас белгілерімен ұрланған көлік анықталды, қылмыс жасағандар құрықталды.


Ұсталғандардан заттай айғақтар табылды,  қылмыстарын мойындауда.