Екібастұзда тыңшыларға арналған камера сатпақ болған ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда тыңшыларға арналған камера сатпақ болған ер адам ұсталды

Екібастұзда тыңшыларға арналған камера сатпақ болған ер адам ұсталды

[wpcode id="1694287"] Екібастұзда қылмыстық полиция қызметкерлері тыңшыларға арналған камераны саудаламақ болған 30 жастағы тұрғынды ұс

  • 18 Қараша 2016
  • 836
Фото - Caravan.kz


Екібастұзда қылмыстық полиция қызметкерлері тыңшыларға арналған камераны саудаламақ болған 30 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің мәліметінше, құрықталған азамат ғаламтор желісінде қарапайым кілттің салпыншағына тағылған, аудио-видео жазбасын түсіретін құрылғы сататыны туралы жарнама орналастырған. Ол бұл затты ғаламтор арқылы сатып алғанын және заң тұрғысынан мұндай техниканы саудалауға болмайтыны жайлы мүлдем бейхабар екенін айтып ақталған. — Күдікті ешбір жерді жұмыс істемейді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды, — деп жазылған хабарламада. Бұдан басқа, үш күннің ішінде полицейлер ақпараттық технология саласында 37 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның 15-і авторлық құқықты бұзу бойынша болса, 19 факті белгіленбеген жерде сауда жасауға, бір факті заңсыз порнографиялық материалдарды таратуға қатысты. Сондай-ақ, еркін айналымда сатуға тыйым салынған 300 бірлік өнім алынған. Айта кетерлігі, Павлодар облысында 15-17 қараша күндері "Контрафакт" алдын алу шарасы өткізілген.

 

Соңғы жаңалықтар