Екібастұзда зират маңында пакетке салынған адам денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда зират маңында пакетке салынған адам денесі табылды

Екібастұзда зират маңында пакетке салынған адам денесі табылды

Екібастұзда полиэтилен қапшыққа салынған адам денесі табылды. Полиция оның жеке басын анықтауға көмек сұрайды.

  • 26 Сәуiр 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

24 сәуірде Нұралин көшесінің бойындағы зираттың кіреберісіндегі еріген судан пакетке салынған адам денесі табылды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек сұрайды.

«Мәйіттің үстінде «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар», – делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар