Екібастұз-Павлодар тас жолында жол апатынан үш адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз-Павлодар тас жолында жол апатынан үш адам қаза тапты

Екібастұз-Павлодар тас жолында жол апатынан үш адам қаза тапты

 7 қараша күні түнгі сағат 2:30-да «Фольксваген Гольф» көлігі қалың тұманда «Қарағанды-Павлодар» бағытымен жол жүріп келе жатқан автобуспен соқтығысты. 

  • 7 Қараша 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz

Автобусты 58 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксвагеннің» 43 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары — 2000 жылғы туылған бала және 20 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Олардың барлығы Солнечный кентінің тұрғындары.

Автобус ішінде болған 15 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген.


ҚР ҚК-нің 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция бірқатар қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.