«Екінші деңгейдегі банктер мемлекет қаржыландыратын мөлшерлемені негізге алады, сонымен қатар, оған өздерінің тәуекелдік сыйақысын қосады деген ойдамын»,- деді Қайрат Келімбетов «екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларына, шағын және орта бизнес нысандарына мемлекеттің экономиканың осы секторларына көмек көрсетуі аясында несиелерді қандай мөлшерлеме бойынша беретін болады?», деген сұраққа жауап бере отырып.
«Біз екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларына немесе шағын және орта бизнес нысандарына несие беру мөлшерлемелерін шектеген жоқпыз, бұл мөлшерлеме нарықтық негізде белгіленуі тиіс»,- деп қосты ол. Қайрат Келімбетов сондай-ақ, үкіметтің екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысы аясында және шағын және орта бизнеске «не шағын және орта бизнес үшін несие қаржысын ұсынатын не даму институттары өздерінің депозиттерін банктерге қазіргі күні 11 пайыз құрап отырған Ұлтттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерлемеде салатын» шешім қабылданғанын еске салып өтті.
«Содан кейін біз негіздеме ретінде Fitch агенттігінң несиелік рейтингін алдық. Яғни, жоғары рейтингтегі банктер олардан төмен рейтингте орналасқан банктерге қарағанда бұл қаражатты төменірек несиелік мөлшерлеме бойынша алатын болады», — деді «Қазына» қорының басшысы «мемлекеттік қолдау көрсету аясындағы ақша қаражаттары қайтарымдылық негізде берілетінін» еске сала отырып.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті