Жарияланды: 400

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі танкі жарылды: қаза тапқандар бар

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі танкі жарылды: қаза тапқандар бар

Американың Ореон штатындағы Дешут округінің ауылдық жерінде Милликан қаласы Атқыштар спорты қауымдастығы иелігіндегі атыс алаңында қайғылы оқиға орын алды.

Бұл жерде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі танкінің жарылуы салдарынан екі адам қаза тапқан.

Жарылыс орнына келіп жеткен полицейлер ауыр жарақаттанған екі адамды тапты. Ал медициналық қызметкерлер зардап шеккендерді аман алып қалуға әрекеттенгенімен, екеуі де көп ұзамай көз жұмды.

Полиция қызметкерлері өртеу және жарылғыш заттар саласындағы мамандардың қатысуымен оқиғаны тергеу амалдарына кірісті. Әзірге танктің жарылу себептері анықталған жоқ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін