Екінші рет ажырассам, тағы кітап жазамын - Баян Есентаева - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші рет ажырассам, тағы кітап жазамын - Баян Есентаева

Екінші рет ажырассам, тағы кітап жазамын - Баян Есентаева

Бұл туралы aktobetimes.kz басылымына берген сұхбатында айтты.

«Тағы да кітап жазу жоспарыңызда бар ма?», деге

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 4591
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы aktobetimes.kz басылымына берген сұхбатында айтты.

«Тағы да кітап жазу жоспарыңызда бар ма?», деген сұраққа продюсер:

» Алдағы уақытта мұндай жоспарым жоқ. Бәлкім, тағы ажырасып қалсам жазармын», деп жауап берді.

Басынан өткен оқиғаға кітап жазып қана қоймай, режиссерлер продюсерге кітап желісімен кино түсіруге ұсыныс та жасайды екен.

«Меніңше, бұл кітап желісімен фильм түсіргеніміз артықтау. Десе де, осы күнге дейін режиссерлер хабарласып, маған ұсыныс білдірді. Сол себепті, ешқашан ешқашан деп айтпауға тырысамын»,-дейді Мақсатқызы.

Ол сонымен қатар, желідегі жағымсыз пікірлерге көңіл бөлмейтінін айтып қалды.


«Менде кез келген негативке жауап қайыра алатындай имунитет қалыптасқан. Ол мені мықты немесе мейірімді етеді деп айта алмаймын. Ол бар болғаны өмірімнің бір бөлігі. Мысалы, сіз өмір сүріп жатырсыз. Әкеңіз бен анаңыз бар дегендей. Сіз осының барлығына үйреніп қалдыңыз ба? Бұл сіз үшін қалыпты өмір салты. Сол сияқты мен үшін де негатив қалыпты құбылысқа айналып барады. Соңғы бірнеше айда желіде пікірді бұғаттап жүрмін. Себебі, маған жұрттың мен туралы не ойлайтыны маңызды емес. Бәлкім өзім өмір бойы күткен үйлесімділікті енді тапқан шығармын»,-дейді Баян.

Соңғы жаңалықтар