Екінші рет тұрмысқа шыққан тележүргізуші өмірді қайта бастағанына өкінбейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші рет тұрмысқа шыққан тележүргізуші өмірді қайта бастағанына өкінбейтінін айтты

Екінші рет тұрмысқа шыққан тележүргізуші өмірді қайта бастағанына өкінбейтінін айтты

Екінші рет тұрмысқа шыққан тележүргізуші өмірді қайта бастағанына өкінбейтінін айтты.

  • 29 Тамыз 2018
  • 826
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өткенін есіне алып, желідегі парақшасында былай деп жазды: 

"Осыдан үш жыл бұрын жалғызсырап,құлазыған көңілімді өзім көтеремін деп, осы фотосессияны "жай,өзім үшін"деп жасағаным қандай жақсы болған! 
Он жыл күтіп, Әлімімді дүниеге әкелгенім қандай жақсы болған!
Сенің қадіріңді білмейтін,жұртыңды сыйламайтын,болдырып қалғаныңды көре тұра аямайтын,сені керек етпейтін адамнан басымды алып қашқаным қандай жақсы болған! 
Кедергілерге,ең бастысы- іштегі қоян жүрек үрейге қарамастан өмірді қайта бастағаным қандай жақсы болған! Сүйікті кәсібіме оралғаным, сезімге құшағымды ашқаным…бәрі,бәрі жақсы болған! 
Жасқанбау керек! Жалтақтамау керек! Ерінбеу керек! Берілмеу керек! 
Алла "тәуекел!"дегеннің белін буады екен.Мен соны түсіндім! 
Мұны сіздерге емес,өзіме айтып отырмын…"

Соңғы жаңалықтар