Әлеуметтік желілерде Обаманың қыздарының қайырымдылық мерекесіндегі ресми салтанатқа киіп шыққан киімдері сөз болып жатыр. Онда 13 жастағы Саша мен 16 жастағы Малия үйде не киіп жүрсе, сонысымен жұрт алдына шыға салған. Онысымен қоймай, әкелері, яғни Ақ үй басшысының сөздеріне де күліп тұрыпты. Мұны көпшілік әдепсіздік, әрі Президентті құрметтемеу деп бағалады. Барак Обаманың балалары бұған дейін де біраз сөзге қалған еді. Қыздарымен бірге бірінші ханым – Мишель Обама да жұрттың сынына ұшырауда.