Ел Алматыдан қашып жатыр ма?:Қаладан шыға берісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел Алматыдан қашып жатыр ма?:Қаладан шыға берісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

Ел Алматыдан қашып жатыр ма?:Қаладан шыға берісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

Көліктегі бейне тіркегішке түсірілген видеода көлік иесі "бәрі қаладан қашып жатыр" дейді.

  • 18 Наурыз 2020
  • 2256
Фото - Caravan.kz

Алматыдан шығаберісте Алтын Орда базарының маңында кептеліс пайда болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап. 

WhatsApp-та Райымбек даңғылындағы кептеліс түсірілген видео тарап жатыр. Видеодан кептелістің Ақкент ықшамауданына дейін жеткені көрінеді. Кейбіреулер кептелісті Алтын Орда маңындағы жолайрықтың құрылысымен байланыстырып отыр.

Айта кетейік, 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап
Алматыда карантин
жарияланады. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Кеше премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар