Ел аумағында нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел аумағында нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді

Ел аумағында нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде 21-24 сәуір күндері аралығында белсенді циклондардың өтуімен және оларға байланысты атмосфералық фронттармен ауа райы қайта нашарлайды.

«Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан об?

  • 19 Сәуiр 2017
  • 264
Фото - Caravan.kz

«Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты нөсер болып, күн едәуір суытады», – деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың директоры Марина Шмидт.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысында түнде -3 +2 градус суық, күндіз +10 +15 градус жылы болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде температура бағамы -3 +2 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +2 +3 градус деңгейінде тіркеледі. Күндіз +18 +23 градусқа дейін көтеріледі.


«Одан кейін Орталық Азиядан келген жылы циклонмен елдің басым бөлігінде жылымық орнайды. Елдің солтүстігінде ауа райы +18 +23 градус болса, оңтүстікте +20 +28 градус болады. Бірақ ол да көпке созылмайды. Ай соңында республиканың барлық өңірлерінде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар