Жарияланды: 750

Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады

Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал. 

Тек оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасындатады, көктайғақ, түнде кей жерлерінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысында жел 17-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болуы ықтимал. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін