"Ел боламын десең, бесігіңді түзе": Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының электронды темекіге әуестеніп бара жатқанына назар аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ел боламын десең, бесігіңді түзе": Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының электронды темекіге әуестеніп бара жатқанына назар аударды

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе": Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының электронды темекіге әуестеніп бара жатқанына назар аударды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде мектеп оқушыларының электронды темекіге әуестеніп бара жатқанына назар аударды.

  • 8 Қараша 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент бүкіл қоғамды есірткіге қарсы табанды түрде күресуге шақырды.

"Бұл ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Жастардың жат қылыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек.

Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай", — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы елімізде алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынғанымен бұл талап іс жүзінде орындала бермейтінін баса айтты. Ол сонымен қоса құзырлы органдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.

"Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салу қажеттігі жиі айтылады. Үкімет бұл мәселені мұқият зерделеп, нақты шешім қабылдауы керек.


Мұхтар Әуезовтің "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген сөзі бар. Біз ұрпақтың денсаулығын және тәрбиесін бүгін ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін", — деді Тоқаев.