Жарияланды: 3300

Ел "ішіп алған" деп кінәлаған депутат министр Цойға мемлекеттік тілде сұрақ қойып састырды

Ел "ішіп алған" деп кінәлаған депутат министр Цойға мемлекеттік тілде сұрақ қойып састырды Сурет - Қазақ үні

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса 18 қаңтар, Мәжілістің алғашқы жұмыс күнінде ҚР Парламенті Мәжілісі комитеттерінде жаңа үкімет мүшелері кандидатураларын тағайындауға байланысты талқылауда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға мемлекеттік тілде сұрақ қойды.

Бұл туралы сол кезде «Қазақ үні» ұлттық порталындағы «Мемлекеттік тіл заңы Концепциясы Үкіметте жатыр» деген мақалада жазылған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

– 2013 жылдан бері «СК-Фармация» компаниясындағы былықтар жөнінде «Ақ жол» партиясы 5 депутаттық сауал жасады. Денсаулық министрлігіне, Үкіметке, тіпті Бас прокурорға дейін жолдадық. Бірақ ешқайсысы сыннан қорытынды шығармады. Ақыры не болды? Былтыр пандемияда халық қынадай қырылды. Қажетті дәрі-дәрмектер, әшейінде аяқ астында шашылып жататын парацетомол, аспириндерді таппай қалды. Табылғанының өзінің бағасы аспандап кетті. Ал сол кезде «СК-Фармацияның» қоймаларында дәрілер тонналап тығулы жатты. Президент араласқан соң ғана компания басшылары орындарынан босап, тергеліп жатыр. Қазір де пандемияның беті қайта қойған жоқ. Дәрі-дәрмек сатылуы қалыпқа түсті ме? – деп сұрады депутат.

Министр былтырғы ауыр жағдайдың себептерін және қазір фармация саласында жағдай қалыпқа түскенін, барлық ауруханалар жасанды өкпе желдеткіштерімен толық қамтамасыз етілгенін баяндап берді.

– «СҚ-Фармация» бойынша сіздердің сауалдарыңызға жауап берген-бермегенін нақтылап тексеремін. Пандемия болған кезде, әсіресе маусым-шілде айларында, бізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде олқылықтар болған кезде, мұндай жағдай орын алғанын түсіну керек.

Біріншіден, бөлшек сауда нарығы мен дәріханалар СК-Фармациямен реттелмейтінін түсіну керек. Яғни, Қазақстандағы барлық дәріханалар жекеменшік, бұл дәріханалардың жеткізушілері жеке көтерме компаниялар болып табылады. Негізінен онға жуық жеке көтерме компания қатысады, Қазақстандағы нарықтың 90 пайызы мемлекеттік емес. Яғни, «СК-Фармация» оған қатыспайды.

«СК-Фармация» дәрі-дәрмектерді стационарлық деңгейге жеткізуге және амбулаториялық дәріханалық қамтамасыз етудің бір бөлігіне қатысады, оны мемлекет тегін береді. Мұнда да жұмыста олқылықтар болды. Бізде бір мезгілде маусым, шілде айларында коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектерге өтініш 17 есеге өсті. Яғни, бір айдың ішінде қажеттілік 17 есеге артты, дәрі-дәрмектің бір жарым жылға жуық қоры талап етілді, аурудың күрт өсуі себепті.

Біз қазір СК-Фармация деңгейінде амбулаториялық емделушілерге резерв жасадық, оның ішінде бөлшек дәріханалар үшін біз коронавирустық дәрі-дәрмектердің резервін жасадық, ол сонымен қатар қоймаларда болады. Біз бұны да дайындадық, – деп жауап берді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін