Елбасы Әбу Дабидің тақ мұрагерімен халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Әбу Дабидің тақ мұрагерімен халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты

Елбасы Әбу Дабидің тақ мұрагерімен халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті.

  • 21 Қазан 2016
  • 769
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгімелесу барысында саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың берік достық байланысының кепілі екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің мейлінше өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.


Соңғы жаңалықтар