Елбасы Афиныдағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Афиныдағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Елбасы Афиныдағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін, 23-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы сарайында Афиныдағы олимпиада ойындарының жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2004
  • 868
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Олимпиада жеңімпазы, боксшы Бахтияр Артаев 1-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған Георгий Цурцумиа, Геннадий Головкин, Геннадий Лалиев пен Сергей Филимонов

«Құрмет» орденімен марапатталды. Олимпиаданың қола жүлдегерлеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындап шығарған жаттықтырушыларға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Олимпиада ойындарында Қазақстандық спортшылар бір алтын, төрт күміс және үш қола, барлығы 8 медальға ие болып, жалпы құрамалық жүлделер саны бойынша 24-орынға ие болды.
Н.Назарбаев спортшыларға арнаған өз сөзінде: «Олимпиада алдында бұдан басқаша уәделер беріліп, спортшыларымыз бұдан жақсы нәтижелерге үміт артқан еді». Алайда, «спорттың аты спорт, бұл жерде біз күткендей нәтижеге қол жеткізе алмауына спортшылар кінәлі емес»,- деді президент.
Елбасының пайымдауынша, «Олимпиада ойындарына қатысуының өзі біздің спортшылар үшін үлкен сабақ». «Нәтиженің біз күткендегіден төмен болуы бізге бордай босауға мүмкіндік бермейді». «Ендігі жерде болашақтан үміт күтіп, Пекин Олимпиадасына дайындала бастау қажет»,- деді Н.Назарбаев. «Жалпы алғанда, бұл жолғы Олимпиада біздің резервіміз бар екенін айқындап берді»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар