Жарияланды: 600

Елбасы әкімдермен жұмыс бабындағы кездесу өткізді

Кеше, 7-тамызда түстен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс, Астана және Алматы қаласы әкімдерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді,- деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметінен.

Елбасы аймақ басшыларының алдына халықтың әлеуметтік тауқыметтерін шешу, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, мемлекеттік басқарушы билік бұтақтарының арасындағы толық құқылылықты дәйекті бөлісу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіруге қатысты нақты міндеттер қойды. Сондай-ақ, ауылдарды ауыз сумен қамтасыз ету жағдайын жақсарту, автожолдар салу, егін орағы мен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері тиянақталып, міндеттер жүктелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін