Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Петербор форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде осындай ұсыныс жасады.
«Бүгінде бүкіл әлем энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа ығыттарымен кездесіп отыр. Халқының саны 1 миллиардқа жуықтайтын дамыған елдер, қалған әлемге қарағанда энергия ресурсын екі есеге дерлік көп тұтынады», — деді Президент өз сөзінде.
Мемлекет басшысы келешекте шикізат ресурстары үшін күрестің тек күшейе түсетінін, ал оның соңы әлемдегі ахуалды әрі қарай ушықтыра түсуі мүмкін екенін атап көрсетті. Ал Халықаралық энергетикалық агенттік, Н.Назарбаевтың айтуынша, іс жүзінде энергоресурстарды импорттаушы елдердің мұнай мен газ көлемін қайта бөлудегі мүдделерін ғана қорғап, солардың сөзін сөйлеп отыр.