Елбасы «Астана» футбол клубын құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы «Астана» футбол клубын құттықтады

Елбасы «Астана» футбол клубын құттықтады

Мемлекет басшысы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты «Астана» футбол клубының командасын құттықтады, деп х

  • 8 Желтоқсан 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты «Астана» футбол клубының командасын құттықтады, деп хабарлайдыВaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады. Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.


Айта кетейік, «Астана» футбол клубы Чехияның «Славиясын» жеңіп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Соңғы жаңалықтар