Елбасы Астанадағы «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Астанадағы «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Елбасы Астанадағы «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып,

  • 29 Маусым 2011
  • 582
Фото - Caravan.kz



«Балақай» балабақшасы мен «Әдемі-ау» балаларды дамыту орталығын қамтитын мектепке дейінгі білім беру кешенін аралап көрді.

«Сана» компаниялар тобы кешеннің құрылысын 2009 жылы бастаған болатын. Бөлінген жердің жалпы ауданы — 0,9562 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы — 4518 шаршы метр. Оның пайдалы бөлігі — 3800 шаршы метр. Ғимараттың бірінші және екінші қабаттарында «Балақай» балабақшасы, ал үшінші қабатта «Әдемі-ау» балаларды дамыту орталығы орналасқан.

Балабақша толығымен қамтылған. Онда жататын және ойнайтын бөлмелер, жуынатын бөлмелер, су сапасын тексеретін арнайы зертханамен жабдықталған бассейн, музыка және гимнастика залдары бар. Қала тұрғындарына жайлы болу үшін балабақша аумағында 27 автокөлікке есептелген автотұрақ орналасқан. Балабақшада сондай-ақ өзін-өзі тану кабинеті, кинотеатр, 50 орынға арналған мейрамхана, компьютер сыныбы бар. Балаларды оқыту кезінде интерактивті тақталар қолданылады. Балабақша 240 орынға есептелген. Онда 3-тен 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Балаларды дамыту орталығына бүлдіршіндер 1,5 жастан бастап алынады.

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Балалардың спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер жасалған — балабақшада жүзу, каратэ, баскетбол, көркем гимнастика, акробатикадан секциялары жұмыс істейді.

2011 жылдың маусым айындағы мәліметтерге сәйкес, Астанада 89 балабақша бар, соның 63-і мемлекеттік және 26-сы — жеке меншік.
2010-2011 жылдары Астана қаласында түрлі бағыттағы 49 мектепке дейінгі білім мекемесі ашылды, оларға барлығы 11 мыңнан астам бүлдіршін жолдама алды. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы да 33 балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда балабақшаға жолдама алу кезегінде 46839 бала тұр, соның 33481-і екі жасқа толған бүлдіршіндер.

Соңғы жаңалықтар