Елбасы бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Елбасы бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел елшісінен сенім грамотасын қабылдады.

  • 10 Қазан 2016
  • 621
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Елбасына Австрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Герхард Сайллер, Германия Федеративті Республикасының Елшісі Рольф Мафаэль, Грекия Елшісі Александрос Катранис, Нидерланды Корольдігінің Елшісі Дирк Ян Коп, Швейцария Елшісі Урс Шмид, Жапония Елшісі Итиро Кавабата, Катар Мемлекетінің Елшісі Ахмад бен Али Абдуррахман аль-Джамиль аль-Тамими, Ватикан Елшісі  Фрэнсис Ассизи Чулликатт  табыс етті.

«Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Сіздер бұл қызметте ынтымақтастық аясын кеңейте түседі деп сенемін. Құрметті дипломаттар! Сіздердің қызметтеріңіз Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерекесіне сай келіп отыр. Біздің еліміз бұл мерекелік межеге қандай нәтижемен келгенін өздеріңіз біледі деп сенемін», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан ширек ғасырда дамудың ең күрделі кезеңдерінен өтіп келе жатқанын,  қол  жеткізілген жетістіктермен шектелмей ел іргесін бекемдеу үшін келесі кезеңге арналған мақсат, міндет, бағдарламаларды қабылдағандығын баса айтты. Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып сайлануы еліміздің халықаралық аренадағы сындарлы саясатының жемісі саналатындығын да атап өтті.


«Біз Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде әлем назарын өз өңірімізге аударып, Орталық Азия үшін өзекті мәселелерді көтеретін боламыз. Осы жолда сіздердің елдеріңізден қолдау табамыз деп сенемін», — деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар