Елбасы бірқатар заңға қол қойды
![]() |
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы құрылыс сапасын жоғарылатуға, құрылыста баға белгілеуді, |
мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар Елбасы жалпы мемлекеттік жұмылдыру жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ақпарат 24.kz сайтынан алынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін