Жарияланды: 850

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық пайдалануға жағдай жасау, жеке кәсіпкерлік субьектілерді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту жолымен ғылыми саланың тиімділігін, инновацияларды енгізу деңгейін жоғарылатуға және экономиканың басым секторларында жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталған  «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Елбасы заңнаманы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың профилактикасын нығайту, ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімділік деңгейін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Сонымен қатар Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Мемлекет басшысы ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, жер учаскесін мақсатты пайдалану ресімдерін жеңілдету бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін